Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ауыл ардагерлері «Хан моласындағы» зерттеулерді жалғастыруды қолдады

2022 жылғы 22-ші сәуірде «Сарайшық» музей-қорығында «Хан моласы» қазбасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Сарайшық ауылы ақсақалдарымен кездесу жиналыс өткізді. Жиналыста музей-қорық директоры, т.ғ.д., Ә.Мұқтар, Махамбет аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Мәжиев, Сарайшық ауылының әкімі Ж.Пазылов, Сарайшық ауылының имамы Ж.Кенжеалиев, а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, «Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығы» жетекшісі Б.Мұхамбетов, Сарайшық ауылының байырғы тұрғындары, еңбек ардагерлері Ғ.Амиров, И.Сұлтанов, Ж.Құралбаева, Қ.Хайруллина, Б.Маслов, Д.Құспанов, Ж.Тоқабаев, Н.Қарашин ауылы тұрғындары Н.Ұзақпаев, Н.Жексенбаев, «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері, археолог А.Тұрарұлы және ғалым хатшысы Ж.Диярова қатысты. Жиналыста музей-қорық директоры, т.ғ.д., Ә.Мұқтар «Хан моласы» қазбасының маңызы жөнінде баяндап, археолог А.Тұрарұлы қазбада атқарылған жұмыстар нәтижесін хабарлады. Сөз сөйлегендер ішінде мәслихат хатшысы Қ.Мәжиев Сарайшықты дамыту үшін облыстық деңгейдегі ерекше статус беру жөнінде айтты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Б.Мұхамбетов «зерттеу кезінде кейбір тарихи әдебиеттерде кездеспейтін дереккөздерге де мән беруді ойластырған жөн» десе, ауылы имамы Ж.Кенжеалиев мәселеге қатысты ҚМДБ шығаратын пәтуа жөнінде хабарлап, діни шариғат жолында ғылыммен қайшылықтар жоқ екенін мәлімдеді, ауылдың байырғы тұрғындары И.Сұлтанов, Ж.Құралбаева, Ғ.Амиров, Қ.Хайруллина Сарайшық туралы өз естеліктерімен, ой-пікірлерін, өтініштерін жеткізді. Жиналыс соңында қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына бірауыздан қолдау білдіріп, дауыс берді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru