Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық жас ғалымының жеңісі

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК-ның ғылыми қызметкері, жас ғалым Ж.Байғалиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің, Алматы қалалық "Жас Отан" Жастар қанатының және т.ғ.д., профессор Х.Хабиев атындағы Қоғамдық қордың қолдауымен дәстүрлі "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткен республикалық байқауға қатысты. Байқау 4-6 сәуір аралығында Алматы қаласында өтті. Ж.Байғалиевті байқауға дайындаған ғылыми жетекшісі т.ғ.д. Ұлжан Төлегенқызы Ахметова. Байқауда жас ғалым "Түркі әлеміндегі Сарайшық: тарихы және ұрпақтар сабақтастығы" атты тақырыпта баяндама жасады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Байқау комиссиясы мүшелері қатарында болған ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. Берекет Кәрібаев, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, ф.ғ.д., шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей және т.б. ғалымдар бүгінгі күні "Сарайшық" музей-қорығында жасалып жатқан ғылыми жұмыстар туралы оң пікірлерін білдірді. Жүлделі орынға ие болып, мерейімізді өсірген әріптесіміз, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранты Жүніс Рүстемұлын, ғылыми жетекшісі Ұлжан Төлегенқызын бүгінгі бағындырған биіктерімен "Сарайшық" музей-қорығы ұжымы шын жүректен құттықтайды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru