Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сарайшық музей-қорығының келелі мәселелерін талқылады

2019 жылы 30 қарашада Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев өз орынбасарлары, департамент басшыларымен бірге РМҚК «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына» арнайы келіп, республикалық мәртебеге ие болған музей–қорықтың біржылдық жұмыс қорытындысымен танысты. Алдымен, болашақ салынатын «Сапар орталығының» орны тағы бір сараланып, нақты тапсырмалар берілді. Өңір басшысы Сапар орталығының маңыздылығын, жол құрылысын, инфраструктура нысандарын пысықтады. 2019 жылы облыс қолдауымен жүргізілген археологиялық қазба орнына жіті назар аударып, алдағы жылы оны жалғастыру, қазба орындарын қорғау, туристік аймаққа айналдыру мәселесін талқылады. Басты мәселе ретінде кейбір қазба обьектілерін – керуен сарайды, цитадель қақпасын реставрациялау, қазба орындарына жабындылар құрастыру, оны заман талабына лайықты жасау, Атырау табиғаты ерекшелігін ескеру қажеттігі баса көрсетілді. Облыс басшысы музей ішін де аралап, 2019 жылы қазбадан табылған жәдігерлерге таңғалысын да білдірді. Олардың ішінде сармат дәуірінің қола айнасы, Алтын орда дәуірінің күміс, мыс тиындары, ортағасырылық ядро, су айдау құрылғысы, мыстан жасалған құлып, сауыт бұзар жебенің ұшы, жезден жасалған қазан, диірмен, ташынауға қатты қызығушылық танытты. Болашақта олар Сапар орталығындағы залда көрініс таппақ. Кездесу барысында Атырау – Орал трассасына, Атырау – Сарайшық автожолына 6 үлкен баннер құрылысының басталғанын, оның жақында тұрғызылатын, ол арқылы республикалық трассамен өтетін туристердің ендігі жағдайда назары бірден Сарайшыққа ауатынын атап өтті. Музей директоры Ә.Мұқтар тарихи деректермен дәлелденген Сарайшықта жерленген Алтын орда хандары Тоқты, Әз Жәнібек, Бердібек, Ақ орда ханы, қазақ хандарының бабасы Барақ, атақты Тоқтамыс, Қазақ хандығы ханы Қасым және өзге де даңқты тұлғаларға арнайы кесене көтеру, лайықты «Ел билеушілері аллеясын» ашу мәселесін көтеріп, үлген ғылыми жобалардың қолға алынғанын, халықаралық байланыстың кеңейгенін, ортақ қызметке белді алтынорадық ғалым-мамандардың тартылғанын атап өтті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru