Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта археологтардың конференциясы өтті

2021 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «2021 жылғы Атырау облысындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді. Конференцияға т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, т.ғ.д., Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры М. Қожа, т.ғ.к., Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры А. Оңғар, «Сарайшық» музей-қорығы іске асырып жатқан «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасының жетекшісі, т.ғ.д., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Ұ.Т. Ахметова, т.ғ.д., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры С.Ж. Сапанов, т.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы М.С. Касенов, «Сарайшық» музей-қорығының археологы А. Тұрарұлы, «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкері А.Ж. Жұмабаев, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының археологы М.Қ. Әбдіғалиевтер қатысып, өткізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері туралы хабарлады. Баяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, еліміздің археология ғылымы саласындағы өзекті мәселелерді де көтеріп отырды. Шарада айтылған ұсыныстар қатарында, Атырау облысында жыл сайын осындай конференцияда бас қосып, жұмыс нәтижелерін тыңдау, облыс көлемінде бірлесе ортақ бағдарламалар, ғылыми жобалар дайындау, еліміздегі археологтардың басы қосылған ірі жиындарға шақыру алу, баспадан шыққан ғылыми еңбектерін, монографияларын археологтар ортасында бөлісу, бірегей Таскешу ескерткішін сақтап консервациялау, т.б. пікір-ойлар жарияланды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru