Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы ұжымына жапон елшісі алғыс жолдады

«Сарайшық» музей-қорығы ашылған сәттен бастап «Тілектер кітабын» жүргізіп келеді. Музей-қорыққа келуші меймандардың ақ тілектері мен жылы лебіздері арнайы кітапқа жазылып, жинақтаулы тұр.
Бүгінгі таңда «Тілектер кітабына» қазақ, орыс, ағылшын, араб, тәжік, қытай, кәріс, жапон, хинди және т.б. әлемнің көптеген тілдерінде музей-қорық ұжымына арнап жазылған тілектер бар. Осындай жылы лебізді 2021 жылы 19 қазанда «Сарайшық» музей-қорығына арнайы қонақ болып келген Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямада арнайы хатпен жолдады. Бізде Елші мырзаға музей-қорық ұжымы тарапына көрсеткен құрметі үшін алғыс білдіреміз.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru