Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығындағы Ғылыми-техникалық кеңес

2021 жылғы 28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Ортағасырлық Сарайшық нысандарын қайта қалпына келтіру және оның болашағы» тақырыбында Ғылыми - техникалық кеңес өтті. Шараға «Сарайшық» музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар, археолог, т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов (Алматы қ.,), т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова, тарихшы археолог, т.ғ.к., профессор Амантай Исин (Семей қ.,) археолог, т.ғ..д., профессор Мұқтар Қожа (Түркістан қ.,), археолог, т.ғ.к. Марат Касенов (Атырау қ.), археолог, PhD доктор Айбар Қасеналин (Нұр-Сұлтан қ.), археолог Сырым Есен (Нұр - Сұлтан қ.), Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиев, «Сарайшық» музей-қорығы археологтары Айбек Тұрарұлы, Амангелді Жұмабаев, Жүніс Байгалиев және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғылыми-техникалық кеңеске республикалық ескерткіш орнындағы 4 нысанды және музей-қорық ішіндегі «Хандар кесенесін» қайта қалпына келтіру ұсынылды. Шешім дауысқа салу нәтижесінде
1 Кешенді сарай ғимараты;
2 Алтынордалық тұрғын-жай;
3 №3 қазба;
4 Ел билеушілері пантеоны;
5 Музей-қорық ішіндегі «Хандар кесенесі» ескерткішін қайта қалпына келтіруге ұсыныс беру бірауыздан қабылданды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru