Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ұлық ұлыс тарихындағы Сарайшық қаласының маңызы

2021 жылғы 27-29 қазанда Атырау қаласында ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастырумен "Ұлық ұлыс – Алтын Орда" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған. Пленарлық отырыста "Сарайшық" музей-қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ.Мұқтар "Ұлық ұлыс тарихындағы Сарайшық қаласының маңызы" тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, панельдік отырыстарда музей-қорықтың бас инспекторы А. Тұрарұлы "2019 жылғы Сарайшықтағы археологиялық зерттеулер" тақырыбында, ғылыми қызметкер А. Жұмабаев "Памятники городской культуры Западного Казахстана в сочинениях средневековых путешественников и авторов XVIII – XIX вв." тақырыбында баяндамалар жасады.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru