Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тарихшы ғалымдар мазмұнды баяндама жасады

2021 жыл 28 қазанда Атырау қаласында "Ұлық Ұлыс - Алтын Орда" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында 4-ші секциясы "Қасым хан және Сарайшық: Қазақ мемлекеттілігі тарихында" жұмысын бастады.

Секцияда т.ғ.к., Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Амантай Исин "Ноғай Ордасы туралы Мәскеу деректеріндегі Қасым хан және Ақназар хан", т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев "Қасым хан тарихының келелі мәселелер", т.ғ.д., Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мұқтар Қожа "Сарайшықтың кейбір сәулет ескерткіштері", т.ғ.д., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті профессоры Талғат Жұмағамбетов "Налоговая система в Улусе Джучи и его роль в экономическом развитии страны", т.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры Жеңісбек Мұстафин "Сарайшық аңыздары тарихи дерек ретінде", т.ғ.к., профессор "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы археологы Марат Касенов "Қасым хан кесенесі", т.ғ.к., Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті профессоры Болат Нығметов "Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы Қасым ханның рөлі", т.ғ.д., профессор, "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры Әбілсейіт Мұқтар "Хан моласын іздеу және оның алғашқы нәтижелері" тақырыптарында өз баяндамаларын жасады. 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru