Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығындағы Ғылыми-техникалық кеңес

2021 жылы 28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеттінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ортағасырлық Сарайшық қаласын ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсатында республикалық ескерткіш орнындағы

4 нысанды және музей-қорық ішіндегі «Хандар кесенесін» қайта қалпына келтіру мәселелерін талқылау үшін «Ортағасырлық Сарайшық нысандарын қайта қалпына келтіру және оның болашағы» тақырыбында Ғылыми - техникалық кеңес өтеді. Ғылыми - техникалық кеңеске «Сарайшық» музей-қорығы директоры т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, археолог, т.ғ.д., профессор М. Елеуов (Алматы қ.), тарихшы археолог, т.ғ.к., профессор А.Исин (Семей қ.) археолог, т.ғ..д., профессор М. Қожа (Түркістан қ.), археолог, т.ғ.к., М. Қасенов (Атырау қ.), археолог, доктор PhD А. Касеналин (Нұр-Сұлтан қ.), археолог, докторант С. Есен (Нұр - Сұлтан қ.), Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысы М. Кипиев және «Сарайшық» музей-қорығы археологтары А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев, Ж. Байгалиев қатыспақ.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru