Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығындағы археологтардың далалық семинары

2021 жылы 28 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеттінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей — қорығы ұйымдастыруымен ««Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)» жобасы аясында Сарайшық елді мекенінен 20 шақырым

жерде жаңадан табылған Ұлық Ұлыстық мекенде археологтардың «Ұлық Ұлыс керуен жолдары: Сарайшықтан Еділ бойындағы Сарайларға дейін» тақырыбында Далалық семинар өтеді. Бүгінге дейін далалық экспедициялар нәтижесінде 200х200 ш.метр жерден ортағасырылық қыш құмыралар сынықтары, шығырлар, жүзіктер, қола айнаның сынығы Ұлық Ұлыстық Өзбек хан тұсындағы 1 күміс дирхем, Өзбек және Жәнібек хандар тұсындағы 15 мыс пұлдар және сармат дәуірінің жебесі табылды. Семинарға жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ұ.Ахметова, Қазақстандағы керуен жолдары мен керуен сарайларының негізгі маманы, археолог, т.ғ.д., профессор М.Елеуов (Алматы қ.), тарихшы археолог, т.ғ.к., профессор А.Исин (Семей қ.) археолог, т.ғ..д., профессор М.Қожа (Түркістан қ.), археолог, т.ғ.к. М.Қасенов (Атырау қ.), археолог, доктор PhD А. Касеналин (Нұр-Сұлтан қ.), археолог, докторант С. Есен (Нұр - Сұлтан қ.), «Сарайшық» музей-қорығы археологтары А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев, Ж. Байгалиев қатыспақ.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru