Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Университет ғалымдары Сарайшықта

Сарайшық» музей-қорығына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарихшы ғалымдары т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г. Қайырғалиева, т.ғ.д., А. Ахмет, т.ғ.д., Ж.Таңатарова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Жұмабаева, ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор Ө.Бекежан және Атырау облысы ішкі саясат басқармасының өкілдері келді. Келген ғалымдарға музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар мекеменің бүгінгі тынысымен таныстырып, тарихшыларды тың ойларымен бөлісуге шақырды. Басқосу аясында Сарайшық қаласының тарихы, оның Жошы Ұлысы-Алтын Орда тарихындағы рөлі жөнінде ғалымдар көптеген мәліметтерімен бөлісіп, бірлескен ғылыми жобалар дайындау жөнінде ойларын айтты. Сондай-ақ, екі мекеме арасында жасалған келісімшарт бойынша Сарайшықта университет студенттерінің археологиялық лагерь ашу жөнінде мәселелер талқыланды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru