Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығының археологтары кезекті экспедицияда

«Сарайшық» музей-қорығының археологтары кезекті экспедиция барысында жер игеру жұмыстары кезінде бұзылған, Хазар қағанаты заманына жататын жерленім орнына археологиялық барлау жұмысын жүргізді. Барлау аумағы Махамбет ауданы Таңдай ауылы маңында өтті. Хазар Қағанаты VII-Х ғасырларда түркі тайпаларынан құрылған мемлекет. Сол заманда Батыс Қазақстанның жері хазарлар мемлекетіне қараған. Археолог С.П. Толстов «Сарайшықты Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала» деп санаған екен. Ал, Саксин хазарлардың астанасы Итиль қаласының орнында пайда болғаны белгілі. Атырау облысы аумағында бүған дейін бірнеше хазар жерленімдері табылған болатын.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru