Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы Жапония елшісін қабылдады

Сарайшық» музей-қорығына Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ямада Джун, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы Кобаяси Такасигэ және "Tokyo Rope Almaty" ЖШС коммерциялық директоры Ешихаро Цуцуми келді. Келген қонақтарға музей-қорықты, ортағасырлық Сарайшық тарихын музей-қорық экскурсоводы А.Шеркешбаева ағылшын тілінде таныстырды. Толыққанды экскурсиядан кейін Жапония елшісі музей-қорық директоры Ә.Мұқтармен кездесті. Мекеме басшысы арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы тарихи-мәдени келісімнің тарихи рөліне тоқталып, ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде музей-қорықпен байланыстың маңыздылығын атап өтті.
 
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru