Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңғыртылған жәдігерлер

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жәдігерлерді қайта қалпына келтіруші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, профессор, ҚР Көркем сурет Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Отарбай Кендір ағымдағы жылы музей қорындағы бүлінген, сынған 25 қыш бұйымды қайта қалпына келтірді. Бұған дейін қордағы қыш бұйымдарды қайта қалпына келтіру жұмысы қолға алынбай келген болатын. Қазіргі кезде қалпына келтірілген артефактілер музей экспозициясына қойылып, келушілерге таныстырылуда.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru