Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Атыраулық журналистер Сарайшықта бас қосты

Махамбет аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 80 жылдығы аясында "Атырау-Ақпарат" мекемесі өкілдері, аудандық газеттің бас редакторлары Сарайшыққа келді. Алдымен "Сарайшық" музей-қорығын аралап, тарихқа қанықты. Бас қосуда музей-қорық директоры Ә.Мұқтар журналистерге мекеменің атқарып жатқан жұмыстары мен тарихи-мәдени мұраны қорғау жұмыстары барысында алда тұрған мәселелер жайында, Сарайшықты БАҚ-та насихаттаудың маңызын баяндады. Музей-қорықтың ғылыми жобалары, Қасым ханға қатысты зерттеулер туралы айтып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылып жатырған іс-шаралар барысын да атап өтті. Журналистер тарихи орыннан мол мағлұмат алып, музейден алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru