Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта алғаш рет радиокөміртектік зерттеулер жүргізілуде

Радиокөміртек арқылы нысанның жасын анықтау әдісі бұдан 70 жылдан астам уақыт бұрын ойластырылған. Бастапқыда археологиялық, геологиялық нысандардың жасын анықтауға пайдаланылды. Қазіргі уақытта оның қолдану аясы едәуір кең, ғылымның түрлі саласында үлкен жетістікпен қолданылуда. Радиокөміртек әдісі ғылымда шынайы төңкеріс жасады деп айтуға болады.Алайда Сарайшық нысандарынан алынған ғылыми үлгілердің радиокөміртек әдісімен жасын анықтау бұған дейін жүргізілгені туралы еш дерек жоқ. «Сарайшық» музей-қорығы жуырда археологиялық материалдың жасын анықтау бойынша шетелдік мекемеге алғашқы ғылыми үлгілерді жолдады. Зертханалық жұмыстардың қорытындысы жаңа ғылыми негіздер береді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru