Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Бас мүфти Сарайшықта

Киелі мекен Сарайшыққа ресми сапармен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Бас мүфти Сарайшықта бой көтеретін “Сарайшық сапар орталығы” жанынан салынатын жаңа 300 орындық мешіттің іргетасын қалады. Сапар барысында “Сарайшық” музей-қорығына арнайы келіп, Хандар кесенесіне зиярат жасап, бабалар рухына құран бағыштады. Сонымен қатар, Сарайшықтағы археологиялық қазба орынымен де танысты. Музей-қорықтың тыныс-тіршілігі жөнінде мекеме директоры Ә.Мұқтар таныстырып, өзара пікір алмасты. Бас мүфти тарихымызды дәріптеу жолында еңбек етіп жатырған ұжымға шынайы тілегін білдірді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru