Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Сарайшық" музей-қорығы ғылым комитетінің тамыз мәжілісіне қатысты

2021 жылы 4 тамызда «Сарайшық» музей-қорығы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің еліміздегі ғылымды жетілдіру бойынша Республикалық тамыз конференциясының мәжілісіне қатысты.

Мәжілісте ғылымда күрделенген мәселелер, олардың ішінде алдымен ғалымдарды дайындау, диссертациялық кеңестер жұмыстары, ғылыми дәрежелер, атақтар беру мәселелері талқыға салынып, алдағы уақытта жаңа өзгерістердің болатыны баса айтылды, оны шешудің жолдары ұсынылды. Үлкен мәселе ғылыми зерттеулерге қатысты болды. Комитет төрағасы бұл саладағы өзгерістерді де санамалады. Олардың ішінде ғалымдардың жиі көтеретін ғылыми жобаларды қаржыландыру, оларды орындаудың мерзімдері, жобалар есептерін тапсыру, Ұлттық Ғылыми Кеңестің жұмыстары т.т. назар аударылды. Болашақта айтылған мәселелер шешімін тауып ғылымның дамуына серпіліс береді деген ойдамыз.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru