Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ортағасырлық Сарайшықты музейлендіру мәселесі талқыланды

2021 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасы қолдауымен, ортағасырлық Сарайшықтың археологиялық нысандарындағы ғылыми-реставрациялық жұмыстар мен музейлендіру мәселелеріне арналған жетекші ғалымдардың қатысуымен кеңес өтті.

Онлайн кеңеске Басқарма басшысы Жанат Сейдалиева, белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры Ә. Мұқтар, «Қазқайтажаңарту» РМК бас директорының орынбасары, реставратор Исабек Нұрмағамбетов, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Қасенов, археолог, «Қазархеология» ЖШС директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж. Смайлов, Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының директоры М. Кипиев және өзге де мамандар қатысты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru