Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Отырар қорық-музейіне іс-сапар

2021 жылғы 13-15 шілдеде "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Сағынбаева Орын Қалиқызы "Отырар" мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне іс-сапармен барды.

Іс-сапар мақсаты екі музей арасындағы өзара байланысты нығайту және қор сақтау, музейлендіру жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу боп табылады. Сапар барысында көне Отырар қаласының қазба аймағы, Сапар орталығы және Арыстанбаб кесенесінде болып, онда жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, "Отырар" қорық-музейі директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлымен және бас қор сақтаушы Шоқай Ералы Төлендіұлымен кездесіп, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы пікір алмасты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru