Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Шекарашы" журналына Сарайшыққа байланысты мақала жарияланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сараптамалық, публицистикалық және әдеби-көркем «Шекарашы» журналының наурыз-сәуір айларындағы №2(113) санында «Сен қызмет атқаратын өлке» айдарында, майор Ерсін Төлеуханұлы Кайбуллинның «Мызғып жатыр Сарайшық...» атты мақаласы жарық көрді.

"Сарайшық" музей-қорығы туралы жазып, қалам тербеген Ерсін Төлеуханұлына, "Шекарашы" журналы ұжымына музей-қорық атынан зор алғысымызды білдіріп, Отанымыздың қауіпсіздігін қорғап жүрген шекарашыларға қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол қызметтеріңізде табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Әрқашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз берік болсын!

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru