Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық музей-қорығы Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық онлайн-конференцияға қатысты

Сарайшық музей-қорығы Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған «Алтын Орда мұралары: Қазақстан тарихы мен руханият көзі» тақырыбындағы Халықаралық онлайн-конференцияға қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті және Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті болды. Ғылыми жиынды ф.ғ.д., профессор М. Сабыр жүргізді. Конференция барысында музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар «Алтын Орда және Сарайшық» тақырыбында ой бөлісті. Сонымен бірге ол ортағасырлық деректерді жарыққа шығару, ғылыми айналысқа түсіру, ортағасырлық Сарайшыққа қатысты архивтік деректерді жинақтау, оларды көпшілік назарына ұсынудың маңызын, осы жолда барша ғалымдардың бірлесе атсалысу мәселесін көтерді. Конференция жұмысында белгілі ғалымдар ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуальды ұлт ҒЗО директоры С. Даутова, т.ғ.д., профессор, Фэрбанк Қытай зерттеу орталығы, Гарвард университетінен Н. Кенжеахмет, ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ, Интелектуальды ұлт ҒЗО қызметкері Б. Оспанова, ф.ғ.д., профессор С. Боранбаев, т.ғ.к., доцент, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-нен Ж.Жақсығалев, т.ғ.к., доцент, БҚИТУ-нен С.Еділхановалар баяндамалар жасады. Жиын барысында ғалымдар Жошы Ұлысының, Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қаласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Возможно, это изображение (4 человека, экран и текст)

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru