Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық" музей-қорығы БАҚ өкілдерін құттықтайды

“Сарайшық" музей-қорығы халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.
БАҚ өкілдерінің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі өте жоғары. Осы орайда "Сарайшық" музей-қорығын қолдап, Сарайшық жаңалықтарын қоғамға жеткізуде жоғары кәсібилігі мен мамандықтарына адалдықтары үшін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне алғысымыз зор. Баспасөзде сауатты көтерілген мәселелер Сарайшықтың мәртебесін көтеруге септігін тигізіп келеді. Төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкеліп, еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз арта түссін демекпіз!
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru