«Сарайшық» музей-қорығының жәдігерлерді қайта қалпына келтіруші маманы Отарбай Кендір Атырау қаласының қоқыс орнына тасталған халықтың көне мұрасы бесік пен домбыраға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Қайта жаңғыртылған бұл бұйымдар музей-қорықтың этнографиялық жәдігерлер қорына қабылданатын болады.
Осы игі істің нәтижесінде ұлттық мұраларымыз жойылып кету қаупінен сақталып, музей экспозицияларында өздерінің «екінші ғұмырын» жалғастырмақ.
