Бүгін, 27-қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай, Атырау облысы әкімінің орынбасары Д. Шамұратов туризм саласы өкілдерін құттықтау шарасын өткізді.
Осы шара аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Мұстажап Айкөркем Шалхарқызы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі С. Шәпкеновтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

