Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Шеберліктің шыңы – рухани мұраның тамыры!

“Сары айдың сәулесінде…” атты Музей түні шарасы аясында келушілерге арналған ерекше қолөнер шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Қыш құмыра жасау өнерін «Сарайшық» музей-қорығының суретші-қайта қалпына келтіруші маманы Отарбай Кендір көрсетіп, көне дәстүрдің қыр-сырын таныстырды.  Сурет салу бойынша шеберлік сағаттарын Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшелері,  Аманов Қамбарбек Хасенұлы, Утарәлиев Айса Бақтиярұлы жүргізіп, өнерсүйер қауыммен өз тәжірибесімен бөлісті. Шара барысында олар шабытына ерік беріп, шараға қатысушылардың портреттерін салып, сол сәттің ерекше көңіл күйін қағаз бетіне түсірді.  Шара соңында суретшілерге мекеме атынан алғыс хаттар табысталып, еңбектеріне ризашылық білдірілді.
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru