“Сары айдың сәулесінде…” атты Музей түні шарасы аясында Қазақстандық шахмат федерациясы мен Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті, аға жаттықтырушы Сабырбай Төлегенұлы бір мезетте бірнеше қатысушымен шахмат партиясын өткізді. Турнирге түрлі жастағы қатысушылар белсенді қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды.
Марапат иелері:
Алғыс хатпен
Нұрғалиев Жылқышы
Ерғалиев Мажит
Мусин Сағынжан
Көбен Мадияр
Темиров Қобыланды
ІІІ дәрежелі дипломмен
Жұмағалиев Марлен
ІІ дәрежелі дипломмен
5 жастағы Ақылбай Асма
І дәрежелі дипломмен
10 сынып оқушысы Сәлімгерей Ержан
Зияткерлік сайыс – рухани кештің көркін келтіріп, қатысушыларға шабыт сыйлады!
