Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшықтың қонақтары

2025 жылдың 18 сәуір күні Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің өлкетанушылармен жұмыс жөніндегі комитетінің басшысы, ТР "Татар өлкетанушылар қоғамы" өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы, профессор, ТР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Альберт Ахметжанович Бурханов пен қобызшы Ақнар Тәттібайқызы арнайы "Сарайшық" сапар орталығына келді. Альберт Ахметжанович ұйым атынан алғысын білдіріп, музей-қорыққа Алғыс хат табыстап, музейдің кітапханасына Шығыс Түрікменстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының очерктері жазылған "Область Амуля на торгово-караванных путях "Великого шелкового пути" атты өзінің монографиясын сыйға тартты. Ақнар Тәттібайқызы музей-қорықтың қызметкерлеріне арнап Ықылас Дүкенұлының “Қорқыт” күйін орындады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru