«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қор және музей қызметі бөлімі жоспарға сай «Жас музейтанушы» үйірмесінің жұмыстарын жалғастырды. Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен бірлесіп жаңа туристік бағыттарды талқыға салды. Топтық сайыс ретінде ұйымдастырған ойында «Алаш» және «Сарайшық» топтары ең үздік туристік бағыт құрудан тайталасқа түсті. Жас музейтанушылардың туристік бағыт құруда жергілікті жер-су аттары мен аңыздарға, туған өлкенің флорасы мен фаунасына ерекше назар аударғандары сүйсінтті. Үйірме жұмысына қатынасқан оқушылар арасынан экскурсия өткізуге қызуғышылық танытқандар да табылды.