ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы баршаңызды 2025 жылдың 11 сәуірі күні өтетін «Сарайшық оқулары – 2025» ғылыми-тәжірибелік республикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Мақсаты: Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи маңызын жаңғырту, жаңа ғылыми зерттеулермен бөлісу, жастарды ғылымға тарту және ғылыми ынтымақтастықты дамыту
Өтетін орны: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы, «Сарайшық» сапар орталығы.
Уақыты: 09:30
Қашықтықтағы қатысушылар үшін – Zoom арқылы онлайн қатысу мүмкіндігі.
Идентификатор: 641-328-1638
Құпия сөз: 123456
Қатысушылар: ғалымдар, мұғалімдер, музей қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар.
Келіңіздер, Сарайшықтың тарихи мұрасын бірге зерттейік!