19 желтоқсан күні “Сарайшық” сапар орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы Жолаев Азамат Нұржауұлы музей-қорық ұжымымен кездесіп, 2024 жылы атқарылған жұмыстарды саралады. Кездесу барысында музей-қорықтағы мәселелердің шешілу жолдары мен 2025 жылы назар аударатын келелі мәселелерді нақтылады.