2024 жылдың 19 қыркүйек күні көне Сарайшық қаласы орнына Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының А. Х. Халиков атындағы археология Институтының директоры, т.ғ.д. Айрат Габитұлы Ситдиков болды. Археолог ғалыммен бірге Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы, т.ғ.к., археолог Мұрат Қалменов келді. Ортағасырлар бойынша археологиялық ізденістермен айналысатын Айрат Габитұлын қазба орындарымен музей-қорықтың археологтары таныстырды.