Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

”Сарайшық” музей-қорығы Өзбекстан Республикасындағы Ғылым академиясы ғылыми-зерттеу институттарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарды талқылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының жоспарына сәйкес бағдарлама мүшелері “Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар, бағдарламаның ғылыми жетекшісі, т.ғ.д., профессор У.Т. Ахметова және аға ғылыми қызметкер, магистр А.Ж. Жумабаев Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Ұлттық археология орталығының ғалым хатшысы, т.ғ.к. Дурдонахон Муродова, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д. Ғайбулла Бабояров, т.ғ.к. Мунира Хатамова және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Тарих институтының директоры, т.ғ.д., профессор Азамат Зиё, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. Дилноза Джамаловамен кездесті. Кездесу барысында өзара бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, маман кадрлар даярлау, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 

Возможно, это изображение 5 человек

Возможно, это изображение 4 человека

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru