“Сарайшық” музей-қорығы музей-қорыққа келуші туристерге танысуға архелог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Қожаның келісімімен “Ортағасырлық Сарайшық” кітапшасын қазақ, орыс, ағылшын тілінде шығарды. Кітапшада Сарайшық туралы ортағасырлық деректер, Сарайшық атауының мағынасы, жургізілген археологиялық қазба жұмыстарынның нәтижелері толық қамтылған. Кітапшаға 2024 жылы мамыр айында ISBN алынды.