Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

2024 жылғы Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмыстары және оның ерекшеліктері

2024 жылдың 21 маусым күні, “Сарайшық” музей-қорығының ұйымдастыруымен “2024 жылғы Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмыстары және оның ерекшеліктері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге музей-қорық директоры, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің тәжірибе жетекшісі, т.ғ.к., Д. Сагидуллаев, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тәжірибе жетекшісі т.ғ.к., профессор С. Қуаныш және музей-қорық археологтары мен мамандары қатысты. Аталмыш шарада биыл алғаш рет өткізілген ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық тәжірибе жұмыстарының нәтижесі және археологиялық зерттеулерден алынған мәліметтер біріктіріліп, салыстырылды.

        

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru