Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жошы Ұлысы тарихына арналған конференция

2024 жылдың 5 сәуірінде ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұралары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны институт директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдинов жүргізді. Конференция барысында ҚР Парламенті депутаты, т.ғ.д., профессор Еркін Әбіл, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры, PhD Жақсылық Сәбитов Жошы Ұлысының актуалды мәселелеріне қатысты ойларымен бөлісті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru