Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық қаласы және Таскешу керуен-сарайы жәдігерлері

Бүгін 28 наурызда Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылғы ортағасырлық Сарайшық қаласы және Таскешу керуен-сарайына жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерден көрме өткізілді.
Өткен жылғы археологиялық маусымда музей археологтары Сарайшықта 3 мың шаршы метр аумаққа қазба жүргізіп, шикі кірпіштен тұрғызылған көп бөлмелі ғимарат пен көптеген жерлеу кешендерін ашқан болатын. Бай қыш бұйымдар жинағы, күміс тиындар көмбесі, өңделген сүйек бұйымдар мен металдан соғылған заттар табылып, бүгінгі көрмеде келушілердің назарына ұсынылды. Биылғы маусымда қазбадағы зерттеу жұмыстары жалғасып, ғылыми ізденістер тереңдей түспек.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru