Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жан дүние үйлесімі

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жоспарға сай мектеп оқушыларына арналған «Жан дүние үйлесімі» шеберлік сағатын өткізді. Музей суретші-қалпына келтірушісі О.Кендір келген шәкірттерге қыш бұйым жасау ісінің қыр-сырын әңгімелеп, шеберханасымен таныстырды. Ерекше құлшыныс танытқан шәкірттердің саз балшықты қолымен ұстап, қышкер дөңгелегін айналдырып, алғашқы бұйымдарын жасауға мүмкіндік берді. Сарайшықтың қыш құмыралары мен өзге де бұйымдарынан шабыт алған шәкірттер тылсым өнерге тамсана тарасты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru