Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Құрылтай мүшелері Сарайшықта

Бүгін, 16 наурызда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, “Парасат”, “Құрмет” ордендерінің иегері ҚазҰЖҒА вице-президенті Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ректоры Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры Дихан Хамзабекұлы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры, п.ғ.д., Идрисов Саламат Нұрмұханұлы келді. Ғалымдар Сарайшық қаласының тарихымен, музей жәдігерлерімен, соңғы жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары және ғылыми зерттеу нәтижелерімен танысып, өздерінің қолтаңбасын қалдырып, музей-қорық жұмысына жоғары баға берді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru