Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Көрісу күні - Амал мерекесі

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігінің жоспарына сай 14 наурыз – Көрісу күніне орай Сарайшық селолық мәдениет үйімен бірігіп, «Сақталушы еді сыбаға» атты шара өткізді. Амал күні мәдениет үйіне жиналған ауылдың ардақты аналары мен қонақтары жылдан есен шыққандарымен бір-бірін құттықтап, құшақ айқастырып көрісті. Шара барысында ұлттың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрі мен тағамдары туралы әңгімеленіп, әжелер өз естеліктерімен бөлісті. Қонақтарға арнап ауыл өнерпаздары ән салып, би билеп, өнерлерін көрсетті.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru