Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Айкен-Ретт отбасының үйі

Келесі кезекте музей мамандары Чарлстонда Элизабет көшесінде орналасқан Айкен-Ретт отбасының үйіне саяхатқа аттанды. Бұл ғимарат 1820 жылы салынған, бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған. Бүгінде Чарлстон қаласындағы XIX ғасырдағы ең әсерлі резиденциялардың бірі болып саналады. 1975 жылы ол Чарлстон музейіне сатылған.
Айкен-Ретт үйіне экскурсияда табысты кәсіпкер, көрнекті саясаткер және Оңтүстік губернаторы Уильям Айкеннің отбасының өмірі туралы таныстырылады. Бөлмелердің бірінде өнер галереясы бар, онда Еуропаға саяхат кезінде жиналған суреттер мен мүсіндер қойылған. Сондай-ақ, музейдің едәуір бөлігі Айкен-Ретт үй шаруашылығында ұстаған құлдықтағы африкалықтардың күнделікті өміріне арналған. Үйдің сыртқы келбеті мен ішкі бөлмелері, едендер, жабдықтар және тіпті бөлмелердің қабырғаларында түпнұсқа бояулары сол бастапқы кезеңіндегідей сақталған. Реставрация жұмыстары жүргізілмеген, себебі үй музейге сатылған кезде, үйдің өзінің сол кезеңдегі келбеті сақталуы қажет деген басты талаптар қойылған.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru