Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Халықаралық тәжірибе алмасу

«Сарайшық» музей-қорығының директор орынбасары, магистр Ж. Диярова Орталық Азия музей мамандарына арналған алмасу бағдарламасының 2-ші күнінде Афроамерикандықтардың тарихы мен мәдениеті ұлттық музейінде болды. Музей ғимаратаның сәулеттік құрылысы Батыс Африка йоруба тайпасының тәжіне ұқсатылып салынған. Экспозиция құлдық пен сегрегация дәуірінен басталып, кейін 1950-1960 жылдары, азаматтық құқықтар қозғалысы кезеңі және әр саладағы афроамерикандықтардың жетістіктерімен аяқталады.
Музей экспозициясымен танысқаннан кейін, АҚШ мемлекеттік департаментінде Мәдени мұра орталығы қызметкерлерімен жиын өтті. Кездесу барысында мәдени мұра нысандарын қорғау, сақтау және насихаттау тақырыптары қозғалды. Халықаралық мәдени байланыстарды жалғастыру және мәдени мұра бағыты бойынша жобалар дайындау ұсыныстары айтылды.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru