Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Құттықтау

Бүгін, 7 наурыз "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абилсейт Қапизұлы Мұқтар мерейлі 60 жасқа толып отыр. Бүгінде ғалымның 9 монография, 2 мақалалар жинағы мен 6 кітабы жарық көрген. Одан өзге 300-ден аса ғылыми мақалалардың авторы, 5 мақаласы жоғары импакт факторлы Web of Science базасының Social Science Citation Index және Scopus базасындағы ғылыми басылымдарда жарияланған. Ол ортағасырлық Сарайшық, ХVIII - ХІХ ғғ. Қазақ хандығы тарихының маманы. Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялайтын іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған ғылыми жобалардың жетекшісі. Өзінің жастайынан қайрат-жігерін ғылымға арнап келе жатқан ғалым 2013 жылы 6 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ал 2017 жылы республика бойынша «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері атанды. Жолдасыңыз Ахметова Ұлжан Төлегенқызымен бала-шағаңыздың қызығын көріп, аман жүріңіздер. Әрдайым деніңіз сау, рухыңыз мықты болсын!

Жайық шұғыласы газеті. №10 (6635)/7 наурыз

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru