Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жошы Ұлысы және Сарайшық

2024 жылғы 6 наурызда “Сарайшық” музей-қорығы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған “Жошы Ұлысы және Сарайшық” атты Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға елімізге белгілі тарихшы ғалымдармен қатар Ресей, Өзбекстан, Түркия елдерінің ғалымдары қатысты. Семинар соңында тарих ғылымдарының докторы, профессор, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы” директоры Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтарды мерейлі 60 жасқа толумен құттықтау шарасы өтті.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru