Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы маманы АҚШ-да тәжірибе алмасуда

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директор орынбасары Ж. Диярова тәжірибе алмасу мақсатында «Меридиан» халықаралық орталығы Қазақстандағы АҚШ миссиясымен бірлесе отырып, Орталық Азия музей мамандарына арналған алмасу бағдарламасына қатысып, іріктелуден өтіп, Америка Құрама Штаттарына 3 апталық оқу сапарына жолдама алған болатын. Бағдарламаның 1-күнін Вашингтондағы Смитсон институтына қарасты National Museum of the American Indian музейінен бастады. Жергілікті американ тайпаларының тарихы, тілі, тұрмысы туралы кеңінен ақпарат алып, музей экспозицияларымен танысты.
Сонымен қатар, Азия өнері ұлттық музейінің Ислам әлемінің өнері залымен және қыш ыдыстар залымен танысып, реставрация, қорды толықтыру, оны зерттеу жолдары бойынша мәліметтер алды. Экскурсия соңында, музейдің мамандарымен шағын конференция өтіп, музейдегі жобалар, қоғамдық бағдарламалар және оларды ұйымдастыру, тағылымдама және т.б музей ісіндегі маңызды тақырыптар қозғалды.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru