Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Музей мамандарына арналған семинар–практикум

Бүгін ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен еліміздегі музей мамандары қатысқан «Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру» жобасы аясында алынған сабақтармен бөлісу (металл, керамика, кескіндеме, қағаз бұйымдарын қалпына келтіру) атты семинар–практикум өтті. Музей жәдігерлерін консервациялау және қалпына келтіру туралы баяндамалар оқылып, талқыланды. Одан кейін осы тақырыпта мамандардың шеберлік сабақтары көрсетіліп, қағаз, метал, қыш бұйымдарды сақтау тәсілдері баяндалды. Біліктілік көтеру шарасына «Сарайшық» музей-қорығының археологтары А. Тұрарұлы мен Н. Жексенбаев қатысты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru