Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Ауғанстан – жан жүрегімнің жарасы» кездесу кеші

Биыл – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қатысса, оның 4-еуі Сарайшық ауылынан аттанған. Соғыс өртінің сөндіріліп, бейбіт күннің байрағы желбіреген осынау күнге орай «Сарайшық» музей-қорығы арнайы ауған соғысының ардагерлері Шаймарданов Қадірбек, Машихов Рахметолла және марқұм Мақтұмқұлов Жұмажанның зайыбы Қайрошева Зәмзәмен кездесу кешін ұйымдастырды.
Кеш соңында ардагерлер «Сарайшық» музей-қорығына «Ауған соғысындағы атыраулық жауынгерлер шежіресі. 1979-1989» және «Сарайшық сарбаздары» кітаптарын сыйға тартты. Ардагерлер өз естеліктермен бөлісті және кеш патриоттық сайысқа жалғасып, шара соңында сертификаттар табысталды. Өскелең ұрпаққа ерліктің үлгісін көрсеткен ардагерлермен кездесу ерекше әсер қалдырды.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru