Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Украина мен Қазақстанның алтын жіптерін зерттеу: салыстырмалы талдау

31 қаңтарда Кембридж университетінің Азия археологиясы саласында жұмыс істейтіндер үшін жаңа зерттеулер форумы мен пікірталас алаңын ұсынатын Азия археологиялық тобы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің UMAI мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық зертханасының меңгерушісі, мата реставраторы Татьяна Крупаның «Украина мен Қазақстанның алтын жіптерін зерттеу: салыстырмалы талдау» атты дәрісін ұйымдастырды. Спикердің зерттеу аясы ауқымды, қола, темір дәуірлері мен орта ғасырларды қамтиды. Украина мен Қазақстан аумақтарында табылған алтын жіптер өндірісі мен технологиясының бірегейлігін көрсете отырып, Еуразия далалық кеңістігінің материалдарын салыстыра зерттеуге мүмкіндік берген. Дәрісте Сарайшық қазбаларынан табылған маталар туралы да қызықты, мазмұнды ақпараттар қатысушыларға таныстырылды. Сарайшық материалдарын халықаралық ғылыми ортаның талқылауына салып, олардың қызығушылығын тудырған спикер Татьяна Крупаның дәрісін өз тарапымыздан жоғары бағалаймыз.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru