Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық тарихы Scopus журналдарында

«Сарайшық» музей-қорығы ғалымдарының мақалалары рейтингісі жоғары ғылыми журналдарға жариялануда. Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған, тарих және филология ғылымдары саласындағы шығыстану проблемалары бойынша кешенді зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын «Oriental Studies» журналы Scopus мәліметтер базасына енгізілген, процентилі 66% (Q 2). Журналдың 2023 жылғы №5 санында музей-қорық қызметкерлерінің 2 мақаласы жарық көрді. Оның бірі Нұрлан Атығаев пен Әбілсейiт Мұқтардың «О некоторых обрядах и обычаях могулов (по материалам «Тарих-и Рашиди» Мирзы Мухаммеда Хайдара Дуглата (Дулата))» мақаласы болса, екіншісі Әбілсейіт Мұқтар, Ұлжан Ахметова және Эдуард Имашевтің «Золотоордынские караванные пути и караван-сараи на юге и юго-западе Западного Казахстана и юге Волго-Уральского междуречья в ХІІІ–ХVІ вв.» мақаласы.
Мақала авторларының бірі т.ғ.к., профессор Нұрлан Атығаев республикалық музей-қорық ашылғаннан бері бізбен тығыз байланыста, әрдайым мекемені қолдап келеді. Көптеген материалдармен бөлісіп, ақыл-кеңестерімен көмек беріп жүр. Бірлескен жұмыстардың бірі ретіндегі жарияланған мақаласы музей-қорық үшін зор табыс.
Т.ғ.д., профессор Ұлжан Ахметова мен философия докторы Эдуард Имашев музей-қорықтың ғылыми жобаларының қатысушылары ретінде көптен бері тығыз байланыста.
Барлық авторларды еңбектерінің жарыққа шығуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru