Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның 2023 жыл қорытындысы

1. 2023 жылдың 5 мамырында «Сарайшық» сапар орталығы ашылды.
2. «Сарайшық» сапар орталығы музейлендірілді.
3. Елімізде алғаш рет Алтын Орда билеушісі Бату ханның, Ноғай Ордасының биі Едіге бидің, Қазақ хандығының ханы Қасым ханның гипершынайы бейнелері қойылды.
4. «Сарайшық» музей-қорығында мемлекеттілігіміздің сабақтастығын дәлелдейтін Дешті Қыпшақ, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы, Қазақстан Республикасының тулары қойылды.
5. Жаңадан этнографиялық музей жасақталды.
6. Сарайшық музей-қорығына келушілер саны 20412-ге жетті.
7. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2021-2023 жж. қаржыландыруы бойынша 1 ғылыми бағдарламаны сәтті аяқтады.
8. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен 2023-2025 жж. 1 ғылыми жобаны ұтып алып, алғашқы жылын толық орындады.
9. Белгілі ғалым, мата реставраторы Т.Крупа Қарағайлы мекеніндегі кесенеден табылған мата қалдығын зерттеді. Болжамды кезеңін, өнімнің шыққан жері, құрамы туралы мәліметтері бар деректер келтірілді.
10. Нумизмат П.Петров Сарайшық қазбасынан 2022-2023 жж. табылған тиындарды атрибуциялау жұмысын орындап, олар туралы мәліметтерді ғылыми айналымға енгізді.
11. Ескерткіштердің мәдени қабаттарын магниттік түсірілім жасау бойынша т.ғ.к. А.Пушкарев Сарайшық қаласында, Қарағайлы, Ащысай мекендерінде, Канал тұрағында және Күліш керуен-сарайында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Магниттік зерттеу арқылы Күліш керуен-сарайы мен Қарағайлы мекенінде мәдени қабатта әлі ашылмаған ғимараттар туралы жоғары дәлдіктегі түсірілім суреттері алынды.
12. Ғылыми бағдарлама аясында 1 монография, 1 кітап, 2 ғылыми мақала Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланды.
13. Ортағасырлық Сарайшықтың қорғау аймағы 90,6 га болып бекітілді.
14. Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы №1, №2, №3 және 3 000 шаршы метрге археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
15. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» РМК-ы Ортағасырлық Сарайшық аумағына туристерге арналған батыс қақпасын тұрғызды.
16. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазқайтажаңарту» РМК-ы ортағасырлық Сарайшық қаласы аумағындағы қазбадан табылған тұрғын үйді қайта қалпына келтірді.
17. Музей-қорық реставраторы О.Кендір 16 жәдігерді қалпына келтірді. Қолөнер үйірмесіне балаларды тартып 32 сувенирлік қыш бұйымдар әзірледі.
18. 2023 жылы «Сарайшық» музей-қорығы Ресейдің жетекші археологиялық мекемесі - Ресей Ғылым Академиясының Археология институтымен, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғызстан Ұлттық Университетімен, Қырғызстан мемлекетінің «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенімен келісім шартқа қол қойып, халықаралалық байланыс орнатты.
19. Пресс-тур ұйымдастырылды.
20. 2023 жылы Дағыстан Республикасының «Дербент» мемлекеттік тарихи-архитектуралық және археологиялық музей-қорығына, Башкортостан Республикасы Уфа қаласы қалалық округінің МБМ «Уфа қаласының тарихы музейіне», Саха Республикасындағы «Таата» Ытык-Кюель әдеби-көркем музей-қорығына онлайн экскурсия жүргізілді.
21. 2023 жылы әлеуметтік желілерге тіркелушілер саны көбейді. Биыл «Saraishyq.kz» ресми сайтында қаралым саны 51 511 болса, виртуальды турды 14 687 рет қараған. Facebook желісінде тіркелушілер саны 1 282, қаралым саны 111 320, Instagram желісінің тіркелуші саны 862, қаралым 58 597, TikTok желісінің тіркелушілері 605, қаралымы 90 445, YouTube желісінде 62 тіркелуші, қаралымы 2 582 болса, жаңадан ашылған Telegram желісінде қазіргі таңда 8 тіркелуші мен 171 қаралым, ал ВКонтакте желісінде 6 тіркелуші мен 97 қаралым болды.
22. Музей-қорық ғалымдары Ресей Федерациясы Москва, Санкт Петербург қалалары архивтерінде жұмыс жасады.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru